Бизнестегі цифрлық революция: «Keden» жүйесі уақытша сақтау қоймаларының иелерін реестрге тіркеуді жеңілдетпек

13 Мамыр, 2025

2025 жылғы 10 ақпаннан бастап заңдық тұлғалар уақытша сақтау қоймаларының иелерінің реестріне  тіркелу үшін «Keden» платформасы арқылы электронды әдіспен өтініш бере алады.  Бұл бастама Мемлекеттік кірістер комитетімен байланысты жеңілдетіп қана қоймай, жұмысты да жеделдетіп, барынша ашық етпек оны. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда Алматының МКД тауарларды кедендік рәсімдеуді бақылау бөлімінің басшысы Серікжан Ахметжанов осылай деп хабарлады.     

«Кеден» жүйесінің ақпараттық порталы сыртқы экономикалық қатынастарды цифрландыратын маңызды құралға айналып отыр. УСҚ иелерінің реестріне тіркелетін өтінішті электронды түрде беруді міндеттегелі бері бұл жұмыс ықшамдалып, жеңілдеп қалған.  

Уақытша сақтау қоймасы  -  тауар айналымға енгенге дейін немесе басқа да кедендік рәсімдеуге дейін кедендік бақылауда ұсталатын (сақталатын) орын. УСҚ иесінің мәртебесін алу үшін кәсіпорын Мемлекеттік кірістер комитетіне қарайтын тиісті реестрге тіркелуі қажет.

  «Keden» жүйесін қолданушылар оңай өтініш беретін болды енді. Ол үшін жеке кабинетке кіріп, электронды әдіспен цифрлы қол қойып, қажетті қызметті таңдап алып, өтініш толтырып, сосын керек құжаттарды тіркесе болды.  Міндетті құжаттарға мыналар кіреді: меншік иесі екенін куәландыратын немесе жалға алғанын дәлелдейтін құжаты,  қойманың схемасы мен жоспарын, қарауылы барын, видео бақылауы бар екенін көрсететін құжатты және басқа да техникалық құжаттарын тіркеуі тиіс. Өтінішті берген уақыт мен статусын онлайнда көре аласыз. Бұл өтініш берген жерге бармай-ақ құжат толтырып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. 

«Keden» жүйесін енгізудің ең басты артықшылығы – жұмыс барысы ашық болып, құжатты қарайтын уақытты қысқартып, адам ықпалын азайтады. Себебі бәрі автоматты түрде іске асады енді. Лауазым иесімен бетпе-бет жолықпайтын болғандықтан, бұл жемқорлықтың да жолын кеспек.

УСҚ иегерінің мәртебесін алған адам тауарын кедендік бақылау жүйесінде сақтап, логистикаға да араласа алады. Бұл, әсіресе, қойма ұстайтын компанияларға, көлік-логистика операторлары мен ірі импортерлерге өте тиімді. 

«Keden» жүйесі мемлекетті цифрландыруды көздейтін, «қағазбасты экономикадан» құтылуды жоспарлаған үлкен стратегияның бір бөлігі ғана. Мұндай бастама мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай,  оны түсінікті әрі қауіпсіз ете түспек бизнеске. Бұл нарықтың барлық мүшесіне бірдей мүмкіндік беріп, әкімшілік жүктемені де азайтады. 

Қорыта айтқанда, УСҚ иелерінің реестіріне  «Keden» жүйесі арқылы электронды түрде тіркелу – цифрлық мемлекетті дамытудың алғышарты. Бұл мемлекеттік қатынасқа деген сенімді күшейтіп, бизнесті жүргізудің тиімділігін арттыратын осы заманғы озық технология. Өтінішті тездетіп тапсырғыңыз келсе құжаттарыңызды күні бұрын әзірлеп алып, олардың реестрге тіркелу тәртібі жазғылған заңның талабына сай келетінін тағы бір тексеріп алғаныңыз жөн. 

Мұндай жаңалық кәсіпкерлерге қолайлы болып, олардың мемлекеттік органдармен  ашық әрі ыңғайлы жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек.

Бөлісу: