Қоғамдық кеңестің қалаға ықпалы артып барады

22 Сәуір, 2025

Алматыда Қалалық кеңестің -  құрылыс, энергетика, сумен қамтамасыз ету сияқты ең өзекті мәселелерге байланысты жұмысы жалғасып жатыр.  №2 комиссияның төрағасы Гүлмира Байғабылова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференция кезінде осылай деді. 

Оның айтуынша, комиссия мониторинг жасап, дөңгелек үстелдер өткізіп,  қала әкімдігі мен оған қарасты мекемелерге 600-ден астам ұсыныс жасаған.  70%  қысқамерзімдік, 50% ұзақмерзімдік шешім қабылдап, оны орындауға кіріскен. 

Спикердің айтуынша, қала құрылысына қатысты кеңестің жұмысына байланысты кәсіби пікір білдіріп, кейбірін әлі де толықтыруды ұсынып, комиссия 200 жобаны қараған.  Сонымен бірге, комиссия мүшелері құрылыстың жаңа ережесін, абаттандыру, көлік саясатын, бас жоспар, дизайн-код сияқты құжаттарды әзірлеп, оларды талқылауға атсалысқан. 

Комиссия тұрғындармен тығыз жұмыс істеуге ерекше мән беріп отыр. Атап айтқанда, реновация және Ерменсай ықшамауданын сумен қамтамасыз етуге байланысты әкімдікпен бірлесіп жұмыс тобы құрылды.

Гүлмира Байғабылованың айтуына қарағанда, көшені жарықтандыруға байланысты ұсыныс қабыл алынып, қолға алынған. Автономды қазандықтарды бақылау және электр қуатын когенерациялау бойынша жұмыстар жалғасқан.

Комиссия сонымен бірге инклюзивты жобалау, нысандарды құжаттау, «көліксіз аула» концепциясын дамыту мен қоғамдық көлікке отырғызуды көздейтін көпвекторлы тұраққа байланысты жобаларды да іске асырған. Жаяу жүргіншілерге арналған өткелді ұйымдастырып, самокаттар мен мопедтердің қозғалысын реттейтін ереже шығаруға ұсыныс әзірленді.

«Бюджетті алдын-ала талқылау мен жәрмеңкеден бастап көпірдің астындағы алаңқайларға арналған «жылдам жеңу» деп аталатын жобаның іске қосылуы да – тағы бір жаңа бастаманың бірі болып отыр», - деді комиссия төрағасы.

 Комиссия әлеуметтік маңызы бар нысандарға, соның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы мен ТЭЦ-2-ге қатысты бастамаларға мониторинг жүргізген. Сонымен қатар, комиссия өкілдері қала әкімі мен аудан әкімдерінің тұрғындармен өткізген кездесулеріне тұрақты түрде қатысып отырды.

Бөлісу: