Алматыда туристердің қанағаттану индексі артты

15 Қаңтар, 2025

Mastercard мəліметтерінше, 2024 жылдың 11 айында Алматыда туристердің

қанағаттану индексі 67-ге жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда

2,7%-ға артты. Туристер атап өткен негізгі факторлардың қатарында қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасы бар, олар саяхат туралы оң пікір қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

2024 жылы Алматыда туризм саласы мамандарының біліктілігін арттыру

бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл бағыт туристік инфрақұрылымды дамыту мен шаһар қонақтарымен тікелей жұмыс істейтін кəсіби мамандарды даярлауда маңызды элементке айналды.

Шілде мен қараша аралығында көлік торабы мен туристермен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ағылшын тілі курстары ұйымдастырылды, оған 400 адам қатысты. Бұл оқыту шетелдік туристермен байланыс деңгейіна жақсартуға мүмкіндік берді, бұл халықаралық мəртебесін нығайтуға ұмтылатын қала үшін аса маңызды.

Шілде мен қыркүйек аралығында Дүниежүзілік туристік гидтер

қауымдастықтары федерациясының (WFTGA) курстары өткізілді, оған 200 гид пен экскурсовод қатысты. Бұл экскурсия қызметтерінің сапасын арттыруға жəне туристерге Алматының мəдени-тарихи мұрасын кеңінен танытуға жол ашты.

Қараша айында туризм саласында 420 қызметкер үшін фасилитация тренингтері өткізілді. Олар Дүниежүзілік саяхат жəне туризм кеңесі (WTTC) ұсынған халықаралық сарапшылардың қатысуымен ұйымдастырылды. Бұл сессиялар туристік қызмет

көрсетуде озық тəжірибені енгізуге жəне басқарушылық дағдыларды дамытуға ықпал етті.

Сонымен қатар, қыркүйек пен қазан айларында Республикалық жедел-құтқару жасағы (РЖҚЖ) құтқарушылары үшін бастапқы дайындық бағдарламасы бойынша

оқыту ұйымдастырылды. Бұл туристік маршруттардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді, əсіресе, табиғи мұраға бай аймақ үшін бұл өте маңызды.

Бөлісу: