Алматыда мегаполис кімінің атынан автобус жүргізушісіне жолаушыға қамқорлық жасағаны үшін алғыс айтылды

15 Қаңтар, 2025

Алматыда мүгедектер арбасындағы жолаушыға назар аударған №66 қалалық маршруттың автобус жүргізушісі Қанат Ахметов мегаполис əкімі Ерболат Досаевтың атынан алғыс алды.

Бұған дейін экоактивист Евгений Мұхамеджанов əлеуметтік желілерде мүгедектер арбасындағы жолаушыға берілген көтергіштің көмегімен көлік құралына кіруге көмектескен автобус жүргізушісінің мейірімді жəне ұқыпты екеніне қалай куə болғаны туралы əңгімелеген еді. Кейінірек бұл жарияланымға қала тұрғындары көптеген жылы лебіздер білдірді.

Қала басшысының атынан жүргізушіге бағалы сыйлық пен Алғыс хатты табыстаған «Алматыэлектротранс»автопаркінің басшысы Александр Бейсембиев оның кəсібилігін жəне бауырмалдығын ерекше атап өтті.

Автобус жүргізушісі Қанат Ахметов қала басшысының өзінің ісіне назар аударғанына жəне қала басшылығының жылы сөздеріне ризашылығын білдірді.

«Мен өз жұмысымды тек нұсқаулықта көрсетілген іс-қимылды орындау жəне қоғамдық көлік жүргізушісі қандай болуы тиіс екендігін түсіну арқылы жасадым. Біз жолаушыларды тасымалдап қана қоймаймы, сонымен қатар күн сайын адамдардың қауіпсіздігі мен жайлылығына мəн береміз. Кез келген əріптесімнің осындай игі істі атқаратынына сенімдімін», - деді Қанат Ахметов.

Қанат Ахметов төрт баланы тəрбиелеп отыр, «Алматыэлектротранс» автобусының жүргізушісі болып бір жылға жуық жұмыс істейді.

Бөлісу: