Live
Келесі жылы Алматыда 300 шақырым жол жөнделеді
19 Желтоқсан, 2024

Келесі жылы Алматыда 35 шақырым жаңа жол салынып, 300 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл деректерді Алматыдағы ОКҚ-де өткен көшпелі брифингте қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
«Алматы қаласын дамыту бағдарламасының басым бағыты шеңберінде қаланың тұрақты көлік қаңқасы қалыптасуда. Биыл 25 км жаңа жол салынды, Құлжа трактісі 6 жолаққа дейін кеңейтілді, 255 көшеде 250 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Сондай–ақ, 2024 жылы Сайын – Мөңке би көшелеріндегі жол айырығы бойынша жұмыс қозғалысы ашылды», - деді қала әкімі.
Оның айтуынша, келесі жылы 35 шақырым жаңа жол салынып, 300 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сондай–ақ, көлік байланысын Сейфуллин-Жансүгіров жол айырығын, 2 радиалды (Сайын, Рысқұлов) және 2 магистральдық көшені (Қажымұқан, Төле би) ұзарту қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстар сапалы жолдардың үлесін 2024 жылғы 92% - дан 2025 жылы 95% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.