Президент Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен келді

3 Желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен келді.

 

Халықаралық форум Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банк тобының қолдауымен өтеді.

Сонымен қатар Президент Эр-Риядта бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу: