Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады

29 Қараша, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі. Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Бөлісу: