Live
28 желтоқсанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері!
28 желтоқсанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:
- сағат 11:00-де – «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылдағы жұмыс қорытындысы туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Айгерім Кудеринова, аға ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алмагүл Сейсенова, ақпараттық-талдау бөлімінің әдіскері Дәурен Құлтаев.
- сағат 15:00-де – «Жаңа жыл қарсаңындағы қайырымдылық акциялары туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – "QAMQOR CHARITY" ҚҚ төрайымы, Алматы қаласы әкімі жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі Бағдат Анарбаева және Алматы қаласының Жастар ресурстық орталықтарымен жұмыс бөлімінің басшысы Жанар Арнаева.