15 желтоқсанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

15 желтоқсанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 11:00-де – «Тәуелсіздік күні: мерекенің тарихы туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Еділ Ноянов және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Жұмаділдір. 

- сағат 14:00-де – «Тұрмыста газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары - Қажин Нұрбол, Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы лифт, газ және қазандықтар құрылғыларын бақылау бөлімінің бас маманы - Жусанбекова Динара, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Тұрткараев Ерболат, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Қазандық және газдық шаруашылығы объектілеріне мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы          Джумагазиева Гульнара. 

Бөлісу: