Live
Алдағы жоспарлы қалалық сейсмикалық жаттығу мен дайындық туралы
Құрметті БАҚ өкілдері!
29 қарашада сағат 14:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Алдағы жоспарлы қалалық сейсмикалық жаттығу мен дайындық туралы» баспасөз-конференциясы өтеді.
Спикерлер – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев.