4 қарашада Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

4 қарашада Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 12:00-де – «ҚР Ұлттық ұланының жауынгерлері туралы көркем фильмнің түсірілімі туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – отставкадағы полковник, фильмнің продюсері және әскери сахналардың қоюшысы Камал Жақсылықов, запастағы полковник, фильмнің желілік продюсері Сабыржан Сүлейменов, запастағы полковник, әскери кеңесші, ҚР Ұлттық ұланының өкілі Қуаныш Қожахметов, сондай-ақ театр және кино актерлері, фильмнің басты кейіпкерлері Санжар Мәди мен Дәурен Серғазин.

- сағат 14:00-де – «ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу, вакцинация туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласы №36 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Рауан Нұркент. 

Бөлісу: