Live
20 қазанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері!
20 қазанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:
- сағат 11:00-де – «Ашық қоғамға - ашық Архив» I Халықаралық архившілер Конгресінің Алматыда өтуі туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – ҚР Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина, ҚР Президентінің Архиві директорының орынбасары Қайрат Әлімғазинов және Халықаралық Архивтер кеңесінің атқарушы директоры Carlos Serrano VASQUEZ, Иордания Хашимит Корольдігінің Ұлттық кітапханасы департаментінің бас директоры Nidal Ibrahim Muhammad AL-AHMAD.
- сағат 12:00-де – «Республика күні - елдің мемлекеттілікке батыл қадамының символы» тақырыбында баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков және Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілі (аты-жөні, қызметі анықталуда).