10 қазанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!  
  
10 қазанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:  
  
- сағат 11:00-де – «Тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру және кұқық сауатын арттыру жұмыстары» туралы баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы  Еркебұлан Жетпісбаев және Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаев .  
  
- сағат 12:00-де – «Жылу маусымының басталуы туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – "Алматы жылу жүйесі" ЖШС бас инженері Қазымбетов Данияр.  
 
- сағат 14:00-де – «Алматыда сайлау науқанының басталуы туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова және Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Айгүл Қалықова.  

Бөлісу: