6 қазанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

6 қазанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 12:00-де – «Есту қабілеті бұзылған адамдарға әлеуметтік қолдау және "Ten Qogam" орталығының ашылуы туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тең мүмкіндіктер бөлімінің басшысы Аманат Сұлтанғазиев, есту қабілеті бұзылған мүгедектер бойынша "Тen Qogam" әлеуметтік қолдау орталығының басшысы Аманбике Ерғалиева, "Ten Qogam" орталығының үйлестірушісі Гүлбаршын Балғожина. 

- сағат 14:00-де – «Алматы қаласында "Отбасы Банктың" жеңілдікті ипотекалық кредит беруін іске асыру туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласы "Отбасы банк" АҚ филиалының директоры Түсіпова Данагүл. 

Бөлісу: