27 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

27 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 12:00-де – «Тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы егу науқанының басталуы туралы» ОНЛАЙН баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова. 

- сағат 14:00-де – «Алматы қаласындағы Корей театрының 90 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, көркемдік жетекшісі Любовь Ни, театр директоры Елена Ким, бас балетмейстер Анна Цой, халықаралық және республикалық фестивальдердің лауреаты, “New voice” шығармашылық даму орталығының директоры, әртіс Роман Ким. 

Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 26 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз. 

Бөлісу: