Live
21 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері!
21 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:
- сағат 11:00-де – «Адамның иммун тапшылығы вирусының алдын алу туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Альфия Денебаева, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Альмира Заурбекова.
- сағат 14:00-де – «Қызметтік іздестіру иттерін дайындау және қолдану туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы, полиция полковнигі Нұсқабек Зауланбаев, арнайы даярлық бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Руслан Канафин, асыл тұқымды иттер питомнигінің бастығының міндетін атқарушы, полиция аға лейтенанты Асхат Алнұр, сондай-ақ баспасөз орталығына Астра лақап атты овчарка, бельгиялық тұқымды қызметтік ит келеді.