20 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

20 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 11:00-де – «Саяси партиялар туралы» Заңға ұсынылатын түзетулер бойынша» баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы Ақерке Қожахметова. 

- сағат 14:00-де – «Алматы сот орындаушыларының жұмысы, борышкерлер және жұмыстың психологиялық ерекшеліктері туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Жаңабай Ағманов және Алматы қаласы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әнуар Жексеков. 

Бөлісу: