Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалары аясында әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы

Баспасөз анонсы

Құрметті БАҚ өкілдері!

16 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 11:00-де – «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалары аясында әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ризвангуль Дараева, “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ләззат Сағынбекова. 

- сағат 14:30-да – «Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі тезистерін талқылау бойынша» ОНЛАЙН баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Қазақстандық франчайзинг қауымдастығының президенті, жазушы, қоғам қайраткері, Қоғамдық кеңес комиссиясының мүшесі Бекнұр Кисиков және Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, “Аманат” партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, “Адалдық алаңы” жобасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Тамара Шәкірова. 


Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 15 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз. 

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында. 
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02

Бөлісу: