Live
15 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері!
15 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз іс-шаралары өтеді:
- сағат 11:00-де – «Жас белсенділерінің жаңа жобалары мен бастамалары, Президент Жолдауын қолдау туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қаласы “Жастар рухы” жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов және “QAMQOR CHARITY” ҚҚ төрағасы, Алматы қаласы әкімі жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі Бағдат Анарбаева.
- сағат 14:00-де – «Халықты емханаларға бекіту науқанының басталуы туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қалалық №5 емханасының бас дәрігері Гүлшахира Қамбарова және "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова.
Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 14 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.