Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылы 8 мамырда Алматыдағы Mega Center Almaty аумағында (Розыбакиев көшесі) қоғамды біріктіруге және ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталған All In әлеуметтік фестивалі өтеді.

Фестиваль аясында:

* ерекше балалардың қатысуымен концерттік бағдарлама;
* қазақстандық эстрада артистерінің өнер көрсетуі;
* шығармашылық және әлеуметтік алаңдар;
* қоғам қайраткерлері, мемлекеттік құрылымдар, Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихат өкілдерінің қатысуымен салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылады.

Іс-шараның мақсаты — инклюзивті қоғамды дамыту, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, сондай-ақ теңдік, мейірімділік және әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне қоғам назарын аудару.

Іс-шараның басталу уақыты: 14:00

Фестивальді ақпараттық қолдауға БАҚ өкілдерін, блогерлерді, журналистерді және қоғам белсенділерін шақырамыз.

Аккредитация және ынтымақтастық мәселелері бойынша байланыс:
Венера Сәбит
Тел.: +7 702 310 00 70
WhatsApp: +7 701 777 92 03

Бөлісу: