Live
БАҚ-қа арналған аңдатпа
30 сәуір күні Алматыда ритуалдық қызметтер жүйесі мен қалалық инфрақұрылым үшін маңызды оқиға — еліміздегі алғашқы крематорий ашылады.
Іс-шара қалалық патологоанатомиялық бюросы базасында ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында қатысушылар крематорий бөлімшесінің құрылымымен танысып, оның жұмыс ерекшеліктері туралы ақпарат алады.
Ашылу рәсімі кезінде кремациялық пештің жұмысы көрсетіледі.
Презентациядан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтеді. Журналистер мамандарға сұрақ қойып, крематорийдің жұмыс тәртібі, санитарлық талаптары және бұл бағытты дамыту мүмкіндіктері жөнінде мәлімет ала алады.
Күні: 30 сәуір
Уақыты: 11:30
Өтетін орны: Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросы
БАҚ аккредитациясы: 8 747 659 77 80
Картадағы мекенжайы: https://2gis.kz/almaty/geo/70000001050640417
БАҚ өкілдерін іс-шараға қатысуға шақырамыз.