Live
Алматы қоғамдық кеңесі өз қызметінің 100 күніндегі жұмысының аралық нәтижелері туралы
Құрметті БАҚ өкілдері!
7 қыркүйекте Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар ОНЛАЙН баспасөз іс-шаралары өтеді:
- сағат 11:00-де – «Алматы қоғамдық кеңесі өз қызметінің 100 күніндегі жұмысының аралық нәтижелері туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Алматы қалалық Қоғамдық кеңестің төрайымы Алтынай Көбеева және Алматы қаласы Қоғамдық кеңестің комиссия мүшелері, төрағалары мен төрайымдары Борис Жапаров, Бекнұр Қисықов, Жанат Қасымжанова, Нұржан Жақыпов, Марат Шибутов.
- сағат 12:00-де – «Кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және басқарманың ағымдағы жұмысы туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Еркінбек Әмірғалиев.
Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 7 қыркүйек сағат 11:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02