Алматыда GITEX AI Kazakhstan 2026 халықаралық технологиялық іс-шарасына арналған ресми медиабрифинг өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!

2026 жылы 27 сәуірде Алматыда GITEX AI Kazakhstan 2026 халықаралық технологиялық іс-шарасына арналған ресми медиабрифинг өтеді.

Almaty Hub алаңында ұйымдастырылған іс-шара 2026 жылғы 4-5 мамырда өтетін өңірдегі алғашқы GITEX AI Kazakhstan 2026 форумы қарсаңындағы негізгі оқиғалардың бірі болмақ. Брифингке мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық инвесторлар, технологиялық компаниялар және GITEX-тің жаһандық ұйымдастырушылары қатысады.

GITEX AI Kazakhstan 2026 – индустрия көшбасшыларын, стартаптарды, инвесторларды және мемлекеттік құрылымдарды біріктіретін технологиялық көрмелердің жаһандық экожүйесі. Мұндай ауқымдағы іс-шара Орталық Азия мен Кавказда алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл өңір үшін жаңа мүмкіндіктерге, стратегиялық серіктестіктерге және инвестиция тартуға жол ашады.

Медиабрифинг аясында мемлекеттік және технологиялық сектордың негізгі өкілдері сөз сөйлейді:

● Бақтияр Мұхамбетқалиев, Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі

● Олжас Смағұлов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары

● Дания Ахметова, Digital Bridge және Astana Hub ұйымдарының CEO-сы

● Мұрат Әбдірахманов, MA7 VC Fund негізін қалаушы

● Мақсат Көшімбаев, Presight Central Asia аймақтық директоры

● Киян Зандие, Sturgeon Capital компаниясының CIO-сы және серіктесі

● Trixie LohMirmand, inD компаниясының CEO-сы, GITEX-тің жаһандық ұйымдастырушысы

Спикерлер Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытудың негізгі бағыттарын таныстырады. Оның ішінде ұлттық AI стратегиясы және елдің өңірлік технологиялық орталық ретіндегі рөлі қамтылады. Сонымен қатар брифинг барысында Орталық Азиядағы инвестициялық мүмкіндіктер, стартап-экожүйені дамыту және Алматының өңірдегі жетекші инновациялық хабтардың бірі ретіндегі маңызы талқыланады.

Аймақтың цифрлық экономикасының болашағын қалыптастыру мақсатында мемлекет, бизнес және халықаралық технологиялық қоғамдастықты біріктіретін алаң ретінде GITEX AI Kazakhstan 2026 форумын іске қосуға ерекше назар аударылады.

Күні мен уақыты: 2026 жылы 27 сәуір, сағат 11:00-12:30 (БАҚ өкілдерін тіркеу 10:30-да басталады)

Өтетін орны: Defense Tech Building, 4–5 қабат, Almaty Hub, Зенков көшесі, 24, Алматы қаласы

БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін өтінімді 2026 жылы 24 сәуір, сағат 16:30-ға дейін [pr@astanahub.com](mailto:pr@astanahub.com) электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

Толық ақпарат: Индира Құрбанбаева, +7 778 696-93-00.

Бөлісу: