Алматыда мәдени қос мереке: Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні атап өтіледі

Алматыда 2026 жылғы 23 сәуірде Alatau Creative Hub орталығында Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күніне арналған «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты халықаралық деңгейдегі салтанатты іс-шара өтеді.

Аталған жиынға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшылығы, мәдениет және өнер қайраткерлері, кітапхана ісінің ардагерлері, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген кітапхана басшылары мен кітапханашылары қатысады. 

Сонымен қатар, Алматы Кітапханаларының шетелдік серіктестері онлайн форматта құттықтау жолдап, кітапхана ісінің жаңа кезеңі мен халықаралық тәжірибесі жайында ой бөліседі.

Іс-шара аясында кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы табысты еңбек еткен ардагер мамандарға құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталады.
Бағдарлама шеңберінде қоғам қайраткері, жазушы Бигелді Ғабдуллинмен шығармашылық кездесу ұйымдастырылып, автордың «Режим и сопротивление» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтеді. 
Шара барысында қалалық кітапханалардың заманауи бағыттағы жұмыстары кеңінен таныстырылады.
 
Өтетін орны мен уақыты:
Alatau Creative Hub отралығы
Алматы қаласы, Нұркент ы.а., 5/11
23 сәуір 2026 жыл, 10:00
Қосымша ақпарат: 
Алматы Кітапханаларының баспасөз қызметінің 
жетекшісі – Ақбота Әбдіғаппарова
Байланыс телефоны: +7 708 870 9905
Электронды пошта: info@almatylibrary.kz

Бөлісу: