Live
Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылдың 17 сәуірі күні сағат 11:00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
Спикерлер:
Айтбаев Жақсылық Жүсіпқалиұлы - Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник;
Рымбек Ержан Қабидолдаұлы - Алматы қаласы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, полковник.
Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 16 сәуір сағат 18:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty