Live
Алматыда әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтеді
ПРЕСС-АНОНС
Алматыда әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтеді
Уақыты мен күні: 2026 жылғы 14 сәуір, сағат 15:00
Өтетін орны: 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк
Алматы қаласының сегіз ауданынан шақырылған шамамен 90 жас сарбаз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қарасты 61993 әскери бөліміне аттанады. Барлық шақырылушылар іріктеуден өтіп, моральдық-іскерлік қасиеттері жоғары деңгейде бағаланған, сондай-ақ орта арнаулы білімнен төмен емес білімге ие.
Іс-шараға ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысады. Қонақтар мен қатысушылар үшін шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін шақырылушылар жақындарымен және туыстарымен бірге уақыт өткізіп, әскерге аттанар алдында қоштасу мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетейік, 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны наурыз айында басталды. Ағымдағы шақырылым аясында Алматы қаласынан шамамен 2000 азамат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Мемлекеттік күзет қызметіне, Ұлттық ұланға және ҚР ҰҚК Шекара қызметіне мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарлануда.