Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылдың 13 сәуір күні Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында келесі баспасөз конференциялары өтеді:

10:00 - Таулы аймақтарға бару кезіндегі қауіпсіздік шаралары және жазатайым оқиғалардың алдын алу

Спикерлер:

Ерғалиев Даурен - Алматы қаласы Туризм басқармасының туристік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы;

Балтабай Әділхан Жайдарбекұлы - ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі РММ құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы;

Пак Вадим Анатольевич - ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі РММ құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы.

11:00 - 2026 жылдың I тоқсанындағы Алматы қаласы Наурызбай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы 

Спикер:

Тоғызбаева Назира Асылбекқызы - Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі.

Тіркелуге өтінімдер мен сұрақтарды 10 сәуір сағат 16:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.

Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty

Бөлісу: