Live
«Киберволонтерлер есірткі бизнесіне қарсы: жаңа антинаркотикалық саясаттағы қоғамның рөлі»
БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылдың 26 наурыз күні сағат 10:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Киберволонтерлер есірткі бизнесіне қарсы: жаңа антинаркотикалық саясаттағы қоғамның рөлі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
📌 Спикерлер:
Нурсеитова Жанара Бексултановна – «Наркостоп» жобасының PR-маманы және әлеуметтік инвестор;
Көбеев Дәурен Асқарұлы – Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі.
Брифинг барысында есірткіге қарсы күрестегі жаңа тәсілдер, киберволонтерлердің рөлі, қоғамның қатысуы және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылады.
📌 Аккредитация:
Өтінімдер мен сұрақтарды 25 наурыз күні сағат 16:00-ге дейін
«РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
📍 Мекенжай: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185, 2-қабат.
🔴 Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында:
👉 www.youtube.com/@rskalmaty