Live
«Жылыту маусымындағы қауіпсіздік: газ жабдықтарын дұрыс пайдалану»
БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылдың 12 наурыз күні сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында
«Жылыту маусымындағы қауіпсіздік: газ жабдықтарын дұрыс пайдалану»
тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
📌 Спикерлер:
Жүсіпов Данияр Меллатұлы – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Жандар Дулат Елдосұлы – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы;
Қайырханов Жандос Маратұлы – Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары.
📌 Аккредитация:
Өтінімдер мен сұрақтарды 11 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
📍 Мекенжай: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185, 2-қабат.
🔴 Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында:
👉 www.youtube.com/@rskalmaty