Live
Алматы музейінде көрменің салтанатты ашылуы өтеді «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
Алматы музейі қорынан жасақталған көрме қазақ әйелдерінің ел тарихы, мәдениеті мен өнердегі рөліне арналған. Экспозиция ұлттық өнер мен сахна мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғалардың шығармашылық мұрасын таныстырады.
Экспозицияда Хадиша Бөкеева, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Сара Тыныштығұлова, Майгүл Қазтұрғанова, Мәдина Ералиева, Сәуле Мерекеева және Сәуле Жанпейісова сынды өнер майталмандарының жеке заттары, концерттік және сахналық костюмдері, архивтік фотосуреттері, құжаттары мен портреттері қойылады. Көрме келушілерге әйелдер қауымының өнер мен мәдениет кеңістігіндегі маңызын тереңінен танытуға бағытталған.
Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады.
Көрме 12 наурызға дейін жалғасады.
Өтетін орны: Алматы музейі, Қабанбай батыр көшесі, 132
Уақыты: 2026 жылы 5 наурыз, 11:00
Қосымша ақпарат: 8 708 820 6179, 267-59-05
Instagram: @almatymuseums