Live
Алматы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты қарсы алады
2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров туған қаласы — Алматыға оралады.
Алматылық мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан тарихында алғаш рет осы спорт түрінен Олимпиада чемпионы атанып, ел қоржынына соңғы 32 жылдағы қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтын медальді салды.
📍 27 ақпан — чемпионды туған жерінде қарсы алу
Өтетін орны: Алматы халықаралық әуежайы (халықаралық рейстер терминалы)
Ұшақтың келу уақыты: 22:30
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындарын чемпионды туған жерінде бірге қарсы алып, тарихи жеңістің қуанышымен ортақтасуға шақырамыз.
Әуежай аумағында сөз сөйлеу мен ресми бағдарлама жоспарланбаған.
❗️АККРЕДИТАЦИЯ МІНДЕТТІ.
Аккредитация 27 ақпан күні сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.
БАҚ өкілдерін аккредитациядан өту үшін төмендегі сілтеме арқылы тіркеу нысанын толтыруды сұраймыз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeksH4bKaQx9Q199w_c7-hg9X63PJEWAbpOmoYfVo9oexk0-Q/viewform?usp=publish-editor
📱 Аккредитация бойынша байланыс:
+7 777 115 33 55 — Әсел.