Live
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылдың 26 ақпаны күні сағат 12:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында
«Алматыдағы Алғыс айту күні: дәстүрлер, құндылықтар мен қала тұрғындарының оған атсалысуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185, 2-қабат (Өңірлік коммуникациялар қызметі)
Спикерлер:
Алиев Долкунтай Абдулхалилұлы – «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Масырова Римма Рамазановна – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Дүнгендердің республикалық этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, Еуразиялық технологиялық университетінің профессоры;
Лукашев Всеволод Анатольевич – Алматы қаласындағы «Қазақстандық орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қаласы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі;
Қайрыев Рүстем Әбдусаламұлы – «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Тіркелуге өтінімдер мен сұрақтарды 25 ақпан күні сағат 16:00-ге дейін
«РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty