Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылдың 24 ақпаны күні сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлықтың басталуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

📌 Спикерлер:

Әденов Малик Молдабекұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры;

Исмаилов Шахимурат Шаимұлы – Жаһандық қор грантын іске асыру тобының менеджері;

Сапиева Жанар Әділханқызы – Алматы қаласы «Фтизиопульмонология орталығының» директоры;

Медетов Мурат Алдабергенұлы – «Санат Әлемі» қоғамдық қорының директоры.


Тіркелуге өтінімдер мен сұрақтарды 23 ақпан күні сағат 16:00-ге дейін
«РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185, 2-қабат (Өңірлік коммуникациялар қызметі)  
 Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында:
👉 www.youtube.com/@rskalmaty

Бөлісу: