Баспасөз турының анонсы

Алматының өңірлік коммуникациялар қызметі қаланың Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, құтқару бөлімшелерінің соңғы екі жылдағы қызметінің қорытындысы мен өзгерістеріне арналған, Департамент бастығы Дамир Мақсұтұлы Ермағамбетов қатысатын баспасөз турын өткізеді.

Іс-шара 20 ақпан күні сағат 10:00-де мына мекенжайда өтеді: Байзақов көшесі, 300.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдеріне қызметті ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер, құтқарушылар жұмысының тиімділігін арттыру нәтижелері, ТЖМ қызметкерлерінің еңбек жағдайрын жақсарту жағы, сондай-ақ азаматтық қорғаныс нысандарын, құтқару станциялары мен өрт сөндіру деполарын жаңғырту жұмыстары туралы ақпарат беріледі.

Замандық техника мен жаңадан салынған №15 өрт сөндіру бөлімі аясында спикер материалдық-техникалық базаның қалай жаңартылғанын, осы заманғы жабдықтар мен техникалардың енгізілуін, сондай-ақ осы өзгерістердің жедел әрекет ету жылдамдығы мен халыққа көмек көрсету тиімділігін арттыруға қалай ықпал еткені жөнінде жан-жақты баяндап береді.

Аккредитация – «Брифинги РСК» чатында.

Қосымша ақпарат: +7 777 112 2233

Байзақов көшесі, 300
 https://2gis.kz/almaty/geo/9430047374969474/76.915119,43.234079

Бөлісу: