Live
БАҚ назарына
«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі Алматының Орталық стадионында өтетін Қазақстан Премьер-лигасы мен Қазақстан Кубогының өз алаңындағы матчтарында жұмыс істеуіне БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінім қабылдап жатқанын хабарлайды.
Өтінім 2026 жылғы 4 наурызға дейін қабылданады. Қосымша өтінім қабылдау терезесі кейінірек, маусым айында жарияланады.
Қазақстан Суперкубогының «Қайрат» – «Тобыл» кездесуіне аккредиттеуді Қазақстан футбол федерациясы жүзеге асыратынын айта кетеміз. Ақпарат ресми ҚФФ ресурстарында жарияланады.
Толық шарты мен өтінім беру тәртібі «Қайрат» ФК ресми сайтында және Qairat SuperApp мобильді қосымшасында болады: https://fckairat.com/kz/news/view/akkreditaciya-smi-na-sezon-2026-10448/