Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2026 жылдың 16 ақпаны күні Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында келесі баспасөз конференциялары өтеді:

 

🕚 11:00 - «Арнайы салық режимдері бойынша өтпелі ережелер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар нені білуі керек» тақырыбында баспасөз конференциясы.

 

Спикерлер:

 

Успанов Нұрлыбек Болатұлы – Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің Дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының басшысы;

 

Сейтова Бақтыгүл Климқызы – Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы.

 

🕑 14:00 - «Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық: алдын алу және әрекет ету шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы.

 

Спикерлер:

 

Курманов Алмаз Валиханұлы – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Ескерту басқармасының бастығы;

 

Бахтыгереев Аршат Аманбайұлы – Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары;

 

Кисебаев Дәулет Құрманғазыұлы – «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы Метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы;

 

Жұманов Әлібек Рахатұлы – «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші гидролог-инженері.

 

Тіркелуге өтінімдер мен сұрақтарды 13 ақпан күні сағат 16:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.

 

 Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында:  www.youtube.com/@rskalmaty

Бөлісу: