Live
Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95-жылдығына орай әдеби-поэтикалық кездесу
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95-жылдығына орай әдеби-поэтикалық кездесу
Қазақ поэзиясының классигі, көрнекті ақын әрі аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 95-жылдығына орай 2026 жылғы 11 ақпанда Alatau Creative Hub орталығында (Алматы қаласы) «Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын» атты әдеби-поэтикалық кездесу өтеді.
Шараға белгілі жазушылар мен ақындар, публицисттер, ғалым-зерттеушілер, Мұқағали Мақатаевтың отбасы мүшелері, сондай-ақ жастар, мектеп оқушылары мен поэзия сүйер қауым қатысады.
Іс-шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптармен қатар ғылыми еңбектер, естеліктер мен басылымдар ұсынылатын «Мұқағали – мәңгілік жырдың жұлдызы» атты бірегей кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ақын өлеңдеріне жазылған әндер шырқалады.
Мерейтойлық кеш барысында Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжінің студенттері дайындаған арнайы әдеби-драматургиялық қойылым көпшілік назарына ұсынылады. Сонымен қатар, Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды және жазушы туралы арнайы бейнеролик көрсетіледі.
Өтетін орны мен уақыты:
Алматы қ., Нұркент шағын ауданы, 5/11
Alatau Creative Hub
11 ақпан 2026 жыл, сағат 11:00
Қосымша ақпарат:
Алматы Кітапханаларының баспасөз қызметі- Аида Нуржан
Байланыс телефоны: +7 775 872 3539
Электронды пошта: info@almatylibrary.kz