Студенттік маусымның» қызу кезеңінде пәтерді жалдау және алаяқтарға алданып қалмау бойынша мамандардың ұсынымдары туралы

Баспасөз анонсы

Құрметті БАҚ өкілдері!

24 тамызда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар ОНЛАЙН баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 11:00-де – «Студенттік маусымның» қызу кезеңінде пәтерді жалдау және алаяқтарға алданып қалмау бойынша мамандардың ұсынымдары туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Қазақстан Біріккен Риэлторлар Қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко және Қазақстан Біріккен Риэлторлар Қауымдастығының мүшесі Орынбасар Сатаев. 

- сағат 14:30-да – «Әуезов ауданының 2022 жылдың 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов. 


Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 23 тамыз сағат 18:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз. 

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында. 
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02 

Бөлісу: