Мұқағали Мақатаевтың 95-жылдығына орай Н.Тілендиевтің мемориалдық музейінің ұйымдастырумен «Талант табыстырған тағдырлар» атты әдеби-сазды концерт

2026 жылы 5 ақпан күні сағат 11:00-де Нұрғиса Тілендиевтің мемориалдық музейінде қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Талант табыстырған тағдырлар» атты әдеби-сазды концерт өтеді.

Мұқағали Мақатаев пен Нұрғиса Тілендиевті қазақ өнерінде шығармашылық үндестік тоғыстырды. Ақынның өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиев әуен жазып, халық сүйіп тыңдайтын көптеген ән дүниеге келді. Осылайша, екі ұлы тұлға бір-бірінің өнерін толықтырып, қазақ руханиятына өшпес мұра қалдырды.

Аталған іс-шарада Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, Сәуле Жанпейісова, Болат Шарахымбай және Еркін Құдайберген өнер көрсетіп, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, ақынның  поэзиялық шығармалары оқылады.

Құрметті БАҚ өкілдері, сіздерді «Талант табыстырған тағдырлар» атты әдеби-сазды концерттің  құрметті қонағы болуға шақырамыз!

Өтетін орны: Қонаев көшесі, 96

Сайт: https://almatymuseums.kz/

Instagram: @nurgisa_museum

Байланыс телефоны: +7 707 403 6200

 

Бөлісу: