Live
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылдың 3 ақпаны күні Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында келесі баспасөз конференциялары өтеді:
11:00 - «Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні: алдын алу, ерте анықтау мен Алматыдағы онкологиялық көмектің қолжетімділігі» тақырыбында баспасөз конференциясы.
Спикерлер:
Молдашева Айша Мұқанқызы – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары;
Аманқұлов Жандос Мұхтарұлы – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының радиология және ядролық медицина бөлімшесінің меңгерушісі;
Смағұлова Қалдыгүл Қабаққызы – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
12:00 - ««Алматы қаласындағы “Ассамблея жастары” республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің былтырғы жобалары мен 2026 жылға арналған жоспары» тақырыбында баспасөз конференциясы.
Спикерлер:
Қайрыев Рүстем Әбдусаламұлы – Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық өкілдігінің кураторы;
Омар Мохаммедсаруар – «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық өкілдігінің төраға орынбасары;
Даниэль Бвай Джеймс – Алматы қаласы Африка мәдени орталығының төрағасы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Тіркелуге өтінімдер мен сұрақтарды 2 ақпан күні сағат 16:00-ге дейін
«РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
🔴 Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында:
👉 www.youtube.com/@rskalmaty