Мәслихаттың Алматы өміріндегі рөлі, қоғам күшімен жаңа Қазақстанның құрылысы туралы

Баспасөз анонсы

Құрметті БАҚ өкілдері!

23 тамызда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар ОНЛАЙН баспасөз іс-шаралары өтеді:

- сағат 11:00-де – «Мәслихаттың Алматы өміріндегі рөлі, қоғам күшімен жаңа Қазақстанның құрылысы туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің төрайымы, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, Экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі Тұрақты комиссияның мүшесі Алтынай Көбеева. 

- сағат 14:00-де – «Алатау ауданының 2022 жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бектас Сәбитов. 

- сағат 16:00-де – «ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясына түсу тәртібі, академияның дамуы мен жетістіктері туралы» баспасөз-конференциясы. Спикерлер – Шекара академиясының басшысы, полковник Павел Поливанов және Шекара академиясының арнайы-тактикалық факультетінің басшысы, полковник Мақсат Байсалбаев. 


Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 22 тамыз сағат 19:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз. 

Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында. 
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02 

Бөлісу: