Live
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2026 жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз конференциялары өтеді:
Сағат 11:00-де – «Жаңа салық кодексі: 2026 жылы корпоративтік табыс салығын кімдер (білім беру мен медицина саласы) төлейтіні мен корпоративтік табыс салығына қатысты жаңа мөлшерлеме туралы» тақырыбында
📌 Спикер:
Қаймұхаметов Дәурен Абдуллаұлы - Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық мониторинг басқармасының басшысы.
Сағат 12:00-де – «Интернеттегі алаяқтықтың жаңа түрі» тақырыбында
📌 Спикер:
Қойшыбаев Еркебұлан Ұланұлы - Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары.
Тіркелуге өтініш пен сұрағыңызды 21 қаңтар күні сағат 13:00-ге дейін «РСК Алматы брифингтері» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
Тікелей трансляция – Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында: www.youtube.com/@rskalmaty