Live
Алматыда жаңа жыл маңызды мәдени оқиғамен — жаңа заманауи кітапхананың ашылуымен басталады.
Алматы қаласында 2026 жылдың 9 қаңтар күні қала әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен жаңа кітапхананың салтанатты ашылуы өтеді.
Кітапхананың ашылу салтанатына Алматы қаласының тұрғындары, қала басшылығының өкілдері, белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері және мәдени қауымдастық өкілдері қатысады.
Шара барысында қонақтарға кітапхананың функционалдық және технологиялық мүмкіндіктері таныстырылады – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы жабдықталған аймақтар, заманауи компьютерлік зал, балалар аймағы, сондай-ақ жеке және топтық жұмысқа арналған жайлы кеңістіктер. Барлық санаттағы оқырмандар үшін инклюзивті және қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар, кітапханада әртүрлі жастағы оқырмандарға арналған тегін үйірмелер, білім беру және шығармашылық сабақтар өткізілетін арнайы кабинеттер қарастырылған.
Жаңа кітапхананың ашылуы қаланың мәдени инфрақұрылымын дамытудың маңызды қадамы болып, алматылықтар үшін жаңа тартымды орталыққа айналмақ.
Өтетін орны мен уақыты:
Алматы қ., Құлболды көш., 1/2-үй, 2-корпус
9 қаңтар 2026 жыл, сағат 15:00
Қосымша ақпарат:
Алматы Кітапханаларының баспасөз қызметінің
жетекшісі - Ақбота Әбдіғаппарова
Байланыс телефоны: +7 708 870 9905
Электронды пошта: info@almatylibrary.kz