«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер мен олардың Алматы қаласында іске асуы»

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2025 жылғы 26 желтоқсан күні, сағат 12:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер мен олардың Алматы қаласында іске асуы» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтеді.

📌 Спикерлер:

Иманғалиева Лайла Тұрсынбекқызы — Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары; 

Мұхамеджан Ілияс Тұңғышқанұлы — «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы қалалық филиалының директоры.


📅 Тіркелуге өтініш пен сұрақтарыңызды 25 желтоқсан, сағат 12:00 -ге дейін «Брифинги РСК Алматы» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.

🔴 Тікелей көрсетілім: Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында
👉 www.youtube.com/@rskalmaty

Бөлісу: