Live
Алматының рухани өмірінде жаңа бет – оқырмандарға арналған заманауи кітапхана ашылады
Алматы қаласында 2025 жылдың 15 желтоқсан күні қала әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен жаңа кітапхананың салтанатты ашылуы өтеді. Кітапхана цифрлық технологиялар мен рухани мұра құндылықтарын біріктіретін заманауи мәдени кеңістік болады.
Шара барысында қонақтар жаңа кітапхананың кең мүмкіндіктерімен танысады.
Жаңа кітапхана кітап пен шығармашылықты бағалайтын қала тұрғындарының барлық жастағы өкілдері үшін танымал мәдени орталыққа айналады. Оның басты артықшылықтарының бірі – барлық келушілер үшін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де толық қолжетімділік.
Алматы Кітапханалары қаланың мәдени өмірінің маңызды бөлігі болып қала беріп, әрбір келушіге жаңа білім мен идеяларды ашуға мүмкіндік беретін даму және шабыт алу кеңістігі ретінде қызмет етеді.
Өтетін орны мен уақыты:
Алматы қ., Розыбакиев көш., 247-үй, 7- блок
15 желтоқсан 2025 жыл, сағат 14:00
Қосымша ақпарат:
Алматы Кітапханаларының баспасөз қызметі - Нұржан Аида
Байланыс телефоны: +7 775 872 3539
Электронды пошта: info@almatylibrary.kz