Live
«Рухани мұра қамқоры»: Қазақ балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған дөңгелек үстел
С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында қазақ 2025 жылдың 21 қараша күні балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына арналған республикалық дөңгелек үстел өтеді.
Іс-шара мектеп оқушылары, педагогтар, кітапханашылар, жазушылар мен журналистердің қатысуымен шығармашылық кездесу форматында ұйымдастырылады.
Дөңгелек үстел аясында халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Сайлаубай Тойлыбаев, балалар әдебиеті саласының оқытушылары мен зерттеушілері сөз сөйлеп, Қазақстандағы балалар әдебиетінің аймақтық ерекшеліктерін, сондай-ақ С.Бегалиннің шығармаларын мектеп бағдарламасында оқытудың әдістемелік аспектілерін талқылайды.
Басты назар С.Бегалиннің шығармашылығына аударылады: Қарасай ауданы Батан орта мектебінің оқушылары жазушының шығармашылығына қатысты жобаларын ұсынады, педагогтар әдеби талқылаулар мен шеберлік сабақтарын өткізеді.
Өтетін орны мен уақыты:
Достық даңғылы, 15-үй
С.Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы
2025 жылдың 21 қарашасы, сағат 11:00.
Қосымша ақпарат:
Алматы Кітапханалары баспасөз-хатшысы - Әбдіғаппарова Ақбота
Тел.: +7 708 870 9905
С.И. Бегалин атындағы кітапхана меңгерушісі: Алма Қонарова
+7 777 732 1594