Live
«Алатау ауданының 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары»
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2025 жылғы 19 қараша күні, сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Алатау ауданының 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
📌 Спикер:
Кирикбаев Данияр Батанович – Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі.
Брифинг барысында ауданның инфрақұрылымдық жаңғыруы, инженерлік және коммуналдық жүйелерді дамыту, әлеуметтік нысандар құрылысы, абаттандыру жұмыстары және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы негізгі көрсеткіштер таныстырылады.
📅 Аккредитация:
Өтінімдер мен сұрақтарды 18 қараша, сағат 18:00-ге дейін «Брифинги РСК Алматы» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.
🔴 Тікелей көрсетілім:
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында
👉 www.youtube.com/@rskalmaty