Live
«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу», «Вакцинация және ревакцинацияның тиімділігі туралы»
Баспасөз анонсы
Құрметті БАҚ өкілдері!
16 тамызда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар ОНЛАЙН баспасөз іс-шаралары өтеді:
- сағат 11:00-де – «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты педагогтардың республикалық тамыз конференциясының өтуі туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – ҚР Оқу-Ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Айкерім Кудеринова.
- сағат 14:00-де – «Вакцинация және ревакцинацияның тиімділігі туралы» баспасөз-конференциясы. Спикер – Алматы қаласының штаттан тыс бас эпидемиологы, Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова.
Аккредиттеу мен баспасөз конференцияларының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 15 тамыз сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02