«Медеу ауданының 10 айдағы даму қорытындылары»

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2025 жылғы 12 қараша күні, сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Медеу ауданының 10 айдағы даму қорытындылары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

📌 Спикер:
Оразалин Еркебұлан Нұрланұлы – Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі.

Баспасөз конференциясы барысында ауданның инфрақұрылымдық дамуы, абаттандыру, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріледі.

📅 Аккредитация: өтінімдер мен сұрақтарды 11 қараша, сағат 16:00 -ге дейін «Брифинги РСК Алматы» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.

🔴 Тікелей көрсетілім: Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube арнасында

👉 www.youtube.com/@rskalmaty
 

Бөлісу: