Live
Қалалық кітапханалық қызмет көрсету жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу және жаңа форматтағы кітапханалардың дамуын көрсету
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2025 жылғы 11 қараша күні Алматы қаласында заманауи форматтағы кітапханалардың дамуын және қалалық кітапхана жүйесіне инновациялық технологияларды енгізуді көрсету мақсатында пресс-тур өтеді.
Мақсат — Алматы кітапханаларының тәулік бойы жұмыс істейтін, заманауи мәдени және білім беру кеңістігіне айналғанын көрсету.
🕑 Уақыты: 11 қараша 2025 жыл, сағат 14:00
📍 Жиналу орны: «Alatau Creative Hub» кітапханасы (Нұркент ықшам ауданы, 5/11 үй) Alatau Creative Hub
https://2gis.kz/almaty/geo/70000001047455043
Бұдан кейінгі бағыт жоспары:
- «Alatau Creative Hub» кітапханасында таныстырылым
- Мұхтар Әуезов атындағы кітапханамен танысу (Абай даңғылы, 141)
- Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасына (Назарбаев даңғылы, 43) трансфер
Спикерлер:
- Бабамуратова Сәуле Жасурқызы – «Alatau Creative Hub» кітапханасының меңгерушісі
- Әлия Іңкәрбек – Мұхтар Әуезов атындағы кітапхананың меңгерушісі
- Дәулетбаева Бану Қайшымбекқызы – Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі
Экскурсия барысында кітапхана басшылары нысандардың жұмысы туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап береді.
📅 Аккредитация: өтінімдер мен сұрақтарды 10 қараша, сағат 16:00-ге дейін «Брифинги РСК Алматы» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.